National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова шығармашыл жастар өкілдерімен кездесті

2017 жылғы 19 мамыр

Кездесуге Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, жас дарындар – жазушы Б.Сарыбаев, ақын Қ.Омарова, суретші  К.Бекмұрзаева, мүсінші Л.Кочетов, театр және кино актерлері Ә.Ахметов, Ж.Мақажанова, Н.Ли, пианист Р.Әбдісағин, балет солисі Б.Адамжан, әнші И.Кайсиди және дирижер Қ.Омаров қатысты.

Басқосуда ұлттық өнеріміздің, төл мәдениетіміз бен әдебиетіміздің өзекті мәселелері, сондай-ақ еліміздегі рухани-мәдени саланың қазіргі жай-күйі мен келешегі талқыланды.

Гүлшара Әбдіқалықова кіріспе сөзінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа бірге қадам басып, бұқаралық сана­­ны өзгерту міндеті қойылғанын атап өтті. Оның ең басты талабы – мәдениетімізді, ұлттық кодты сақтау.

Мемлекеттік хатшы ел Президенті айқындап берген міндеттерді іске асыруға шығармашыл жастар өкілдері белсене атсалысатынына сенім білдірді.

Кездесуге қатысушылар ұлттың жан-жақты жаңғыруын жүзеге асыру үдерісінде өскелең ұрпақтың маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, қоғамның рухани дамуына қатысты идеяларын, ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова кездесу соңында мәдениет және өнер қызметкерлерін алдағы кәсіби мерекемен құттықтап, зор денсаулық, береке-бірлік пен шығармашылық табыс тіледі. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің