National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа 2016 жылмен құттықтауы

2015 жылғы 31 желтоқсан

 

Құрметті отандастар!

Санаулы сәттерден соң біз жаңа – 2016 жылға қадам басамыз!

Жаңа жыл – бәріміз ақ пейілмен асыға күтетін айрықша мереке. «Өткен жылға өкпе жоқ, жаңа жылдан үміт көп» дейді халқымыз. Тарих қойнауына аттанғалы тұрған жыл еліміз үшін жемісті болды. Қазақстан дағдарысқа қарамастан, өзінің құтты қадамын жалғастырды.

Биыл біз тарихы тереңде жатқан тамырлы халық екенімізді баршаға әйгіледік. Ұлы Далада ұлт атауымен  мемлекет құрған бабалар рухына тағзым еттік. Жаңа Қазақстанның қалыптасуына негіз қалаған Ата Заңымызды ұлықтадық. Бақ-берекеміздің ұйытқысы – Қазақстан халқы Ассамблеясының беделін биіктеттік. Ардагерлерімізді ардақтап, Ұлы Жеңістің мән-маңызын ұрпақтың санасына сіңірдік. Қазақтың үшінші ғарышкері көк жүзіне самғап, мерейімізді өсірді. Саудамыз сапалы, тауарымыз тартымды болуы үшін Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болдық. Биылғы Президент сайлауында бірлігі бар ел екенімізді тағы да дәлелдедік.

 

Ардақты ағайын!

Жаңа жыл баршамызды қашанда жаңа жетістікке, жаңа биікке жетелейді. Еліміз келер жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдық белесіне шығады. Ширек ғасырлық шежіреміз бізді мерейлі мемлекет ретінде  әлемге танытты. Бағытымызды белгілеген Ұлт жоспары ұлағатты жолға бастап келеді. Алдағы Мешін жылында да абыройымыз асқақ болады деп сенемін!

 

Дорогие казахстанцы!

Мы встречаем наступающий год вместе – нашей большой, единой казахстанской семьей. 2015 год стал временем новых свершений для всех нас. Мы приступили к глубоким реформам государства и экономики. Новые законы, принятые согласно Плану Нации, обновили всю правовую базу Казахстана. В уходящем году мы достойно начали вторую пятилетку индустриализации и выполнение программы «Нұрлы Жол». За год во всех регионах построено 120 новых производств и объектов. Созданы тысячи рабочих мест.

В этом году у нас в стране на свет появились почти 400 тысяч малышей. Я поздравляю все казахстанские семьи с рождением этого нового поколения Нации единого будущего! Для них и сотен тысяч подрастающих казахстанцев мы возвели новые школы и детские сады, дома и больницы, дороги и предприятия, стадионы и концертные залы. Ради счастья всех казахстанцев мы будем всегда хранить наше единство! Хочу поблагодарить всех вас за созидательный труд ради мира, согласия и процветания в нашей Родине!

 

Дорогие друзья!

Эстафету истории принимает 2016 год. Для нас – это год 25-летия Независимости Казахстана. У всех казахстанцев одна общая мечта – сделать нашу Родину одной из самых развитых стран мира. Для её воплощения у нас есть возможности и воля! Пусть наш Казахстан крепнет  счастьем и достатком каждой семьи! Пусть сбудутся все наши желания и надежды!

С Новым годом!

Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бақыт, шаттық, табыс әкелсін! Еліміздің ырыс-несібесі молынан болып, татулығы арта берсін!

Жаңа жыл құтты болсын!


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің