Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

20 мамыр 2016
Елбасы Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбаевты қабылдады

 

Нұрсұлтан Назарбаев С.Оразбаевтың М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 50 жылдан аса жұмыс істегенін, осы уақыт ішінде 100-ден астам рөлді сомдағанын атап өтті.

Мемлекет басшысы халық әртісінің қазақ театрының дамуына куә болып, Қ.Бадыров, С.Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев сынды сахна саңлақтарымен бірге өнер көрсеткеніне назар аударды.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті отандық театр өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесі, бейбітшілікті, достық пен қоғамдық келісімді нығайтуға сіңірген еңбегі үшін С.Оразбаевты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

С.Оразбаев марапат үшін, сондай-ақ М.Әуезов атындағы театрды және жалпы театр өнерін дамытуға көңіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан  Назарбаевқа алғыс айтты. 


Барлық жаңалықтар
 
Другие события рубрики Акорда
Все события рубрики Акорда