National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованы қабылдады

2018 жылғы 28 ақпан

Кездесу барысында Назарбаев Зияткерлік мектептері қызметінің негізгі нәтижелері мен олардың даму перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы еліміздің орта білім беру жүйесінде Назарбаев Зияткерлік мектептері ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

– Бұл мектептер барлығына үлгі болуы керек. Біз олардың тәжірибесін жаңа мектептер ашатын кезде ескеретін боламыз. 2008 жылдан бері Зияткерлік мектептерді 5660 оқушы бітірді. Олардың барлығы да үш тілді еркін меңгерген. Біз бүкіл елге Қазақстанда үш тілде білім алу қолдан келетін іс екенін көрсеттік, – деді Елбасы.

Күләш Шәмшидинова Нұрсұлтан Назарбаевқа Зияткерлік мектептердің оқытушы құрамын қалыптастыру мақсатымен жүргізілген жұмыстар жөнінде мәлімдеді.

– Осы жылдар ішінде Сіздің қолдауыңыздың арқасында көптеген жұмыс атқарылды. Бізде 2800 мұғалім жұмыс істейді. Олардың 195-і – шетелдік оқытушылар, 183-і – «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша шетелдің жетекші оқу орындарында және Назарбаев Университетінде білім алған түлектер. Бүгінде бізде 4 доктор, 22 ғылым кандидаты және 719 магистр сабақ береді, – деді К.Шәмшидинова.

Сонымен қатар білім беру мекемесінің басшысы оқушылар контингентін қалыптастыру конкурстық негізде жүзеге асырылатынын және тек үміткерлердің қабілеттеріне байланысты анықталатынын айтты.

Кездесу соңында Елбасы Зияткерлік мектептер жүйесін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің