National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Юрий Пяны қабылдады

2017 жылғы 12 қыркүйек

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Астанада өткен Дүниежүзілік жүрек-қан тамырлары және торакальды хирургтер қауымдастығы 27-ші конгресінің отандық медицинаны дамытудағы маңызы ерекше болғанын атап өтті.

– Қазақстанда алғаш рет бүкіл әлем кардиохирургтарының конгресі ұйымдастырылды. Бұл отандық хирургия жетістіктерінің әлемдік деңгейде мойындалып отырғанын білдіреді, – деді Елбасы.

Юрий Пя Нұрсұлтан Назарбаевқа мыңнан астам шетелдік делегаттар қатысқан конгрестің қорытындылары туралы баяндады.

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының мәліметі бойынша, Дүниежүзілік қауымдастықтың атқарушы комитеті бұл конгресті ең үздік басқосулардың бірі деп бағалаған.

Соңында Қазақстан Президенті Юрий Пяға алдағы жұмыста табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 26 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

2024 жылғы 06 мамыр

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Жарлық

2024 жылғы 06 мамыр

Ж.Х. Мәдиевті тағайындау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің