Жаңалықтар

28 тамыз 2018
Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне ұлттық компанияның бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары мен алдағы жоспарлары жөнінде мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының мұнай-газ жобаларының бәріне атсалысатын ірі өндіріс холдингтердің бірі екенін атап өтіп, энергетика секторын одан әрі дамыту үшін компанияның әлеуетін пайдалану қажеттігі туралы айтты.

– Бүгінде «ҚазМұнайГаз» белгілі бір даму деңгейіне жетті және құрылымды оңтайландыруды, технологиялық үдерістерді цифрландыруды, IPO-ға шығуға әзірлік барысын қамтитын трансформация кезеңін бастан өткеруде, – деді Қазақстан Президенті.

Сауат Мыңбаев Мемлекет басшысына компания табысына әсер ететін энергия ресурстарының әлемдік бағасының мұнай нарығындағы ахуал жөнінде баяндады.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар