National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Абай Байгенжинді қабылдады

2017 жылғы 15 қараша

Кездесуде Абай Байгенжин Қазақстан Президентіне медициналық орталық қызметінің негізгі нәтижелері жөнінде баяндады.

– 2003 жылдан бері кардиологиялық аурулардан болатын адам өлімінің саны үш еседен артық қысқарды. Дей тұрғанмен, елімізде онкологиялық ауруларға қатысты ахуал күрделі болып тұр, – деді «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа 2018 жылғы маусымда іске қосылуы жоспарланып отырған жаңа үлгідегі «Томотерапия» онкология орталығының құрылысы жөнінде мәлімделді.

Кездесу соңында Елбасы Қазақстандағы онкологиялық ауруларды емдеу ісін одан әрі жетілдіру мәселесі бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің