National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті студенттерінен хат келді

2012 жылғы 23 қараша

 

Студенттер өздері жолдаған хатта Елбасының «Жас Отан» жастар қанатының II съезіндегі сөзін зор ынтамен тыңдағандықтарын жазады.

Хат иелері «Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылға дейінгі бағдарламасы қазіргі таңдағы мемлекеттік жастар саясатының сара жолын көрсетіп бергенін атап өтеді. Сондай-ақ олар Мемлекет басшысының қолдауымен «Дипломмен – ауылға», «Жасыл ел», «Студенттік құрылыс жасақтары» атты бағдарламалар өз өміршеңдігін көрсеткеніне тоқталады.

«Жас Отанның» 2020 жылға дейінгі стратегиясының басты мақсаты – мемлекет игілігі үшін жастарды нақты істерге жұмылдыру екенін біз жақсы түсіндік. Оның ішінде сапалы білім, мәдени даму, бірлік, жастар кәсіпкерлігі мен ғылымды дамыту тәрізді басымдықтар бар. Олай болса, біз бүгіннен бастап жаңа өмірге қадам жасауымыз қажет» делінген хатта.

Авторлар Қазақстан азаматы атына сай болып, Отанымыздың патриоты атанып және салауатты өмір салтын ұстанатындықтарына сендіреді.

Ұжымдық хатқа Д.Кабелдинова, Е.Қылаубаев, Қ.Дүйсенқұлов, Т.Темірғалиұлы, Ж.Тілепбергенова және Л.Сайынова қол қойған.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің