Жаңалықтар

6 мамыр 2018
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады
Алматы қаласы

Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының спорт инфрақұрылымын, медициналық қызмет көрсету және цифрландыру нысандарын аралап көргеннен кейін оған қала әкімі Бауыржан Байбек өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны, басты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы және алдағы жоспарлары жөнінде баяндады.

– Алматы еліміздің ең ірі және әсем қаласы болып қала бермек. Сол себепті әкімдік қалаға деген жанашырлығын көрсете отырып, шынайы ықыласпен жұмыс істеуі керек. Мен жолдардың, мектептер мен балабақшалардың жөнделіп, әлеуметтік инфрақұрылымның жақсара түскенін, сондай-ақ жаңа аудандардың пайда болғанын көріп отырмын. Бұл жұмысты тұрақты түрде жүргізу қажет, – деді Елбасы.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті Алматы қаласын одан әрі өркендету жөнінде нақты тапсырмалар берді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар