Жаңалықтар

12 тамыз 2018
Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті
Ақтау қаласы, Достық үйі

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентіне ілтипат білдіріп, халықтарымызды тарихи әрі бауырластық қатынастар байланыстырып келе жатқанын айтты.

– Сіздің Қазақстанға сапарыңыздан кейін біздің сауда қатынастарымыздың жанданғаны байқалады. Алайда, бұл бағыттағы жұмыстарды ілгерілету үшін әлеуетіміз әлі де жеткілікті, – деді Қазақстан Президенті.

Гурбангулы Бердімұхамедов саммитке қатысуға мүмкіндік туғызғаны үшін ризашылық білдіріп, оның ұйымдастырылуы мен өткізілуін жоғары бағалады.

– Бұл күн ғасырлар бойы қалыптасқан өзара қарым-қатынасымызға тың серпін беріп отыр. Қазіргі кезеңде екі жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін барлық мүмкіндік бар, – деді Түрікменстан Президенті.

Кездесу соңында тараптар осы айдың соңында Түрікменстанда өтетін Арал теңізі проблемаларына арналған отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар