Жаңалықтар

26 мамыр 2016
Елбасы Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведоны қабылдады
Астана қаласы, «Қазақстан» орталық концерт залы

Кездесуде тараптар Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігі аясында өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың бұдан арғы перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшысы біздің елдің ұйымға қосылу жолындағы ұмтылысы жөніндегі келіссөздер үдерісі кезінде көрсеткен қолдауы үшін  Р.Азеведоға алғыс айтып, бірлесе жұмыс жүргізген жылдарда қол жеткізілген өзара іс-қимылдың деңгейі жоғары болғанын атап өтті.

Р.Азеведо қабылдау үшін ризашылық білдіріп, біздің елмен ынтымақтастықтың тиімділігі зор екенін айтты.

Қазақстан Президенті кездесу барысында Р.Азеведоны достықты нығайтуға және ынтымақтастықты жолға қоюға қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Р.Азеведо Нұрсұлтан Назарбаевқа естелік кәдесый ретінде Қазақстанның ДСҰ-ға енуі жөніндегі хаттамаға қол қоюға қолданылған қаламсапты  тарту етті.


Барлық жаңалықтар
 
Другие события рубрики Астана – Казахстан
Все события рубрики Астана – Казахстан