National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Елорда күніне арналған салтанатты қабылдауға қатысты.

2012 жылғы 06 шілде

 

Қазақстан Президенті Қазақстанның жаңа елордасын салудың басында тұрып, қаланың дамуына елеулі үлесін қосқандардың барлығына ризашылығын білдірді.

- Сіздер соңғы жылдары жүргізілген ауқымды өзгерістердің куәгерісіздер. Біз елордадағы негізгі ірі нысандардың құрылысын аяқтап қалдық. Еліміздегі үздік оқу орындары мен денсаулық сақтау нысандары, ең заманауи спорттық кешендер осында орналасқан. Бүгін мен он мың адам қабылдай алатын еліміздегі ең үлкен «Хазірет Сұлтан» мешітін аштым. Таяу уақытта Опера және балет театры мен Ұлттық мұражайдың құрылысы аяқталады. Астана қарқынды дамып келеді, елорда тұрғындарының саны өсуде. Бұл үдеріс одан әрі жалғасатын болады. Бүгінде Астана ­ - күллі еліміздің серпінді дамуының символы және еуразиялық кеңістіктің жаңа орталығы, - деді Қазақстан Президенті.

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтап, игілік және өркендеу тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің