Жаңалықтар

1 қазан 2014
Елбасы «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС-ның теңізге арналған металл конструкциялар зауытына барды
Маңғыстау облысы

Нысанды аралау кезінде Мемлекет басшысына кәсіпорынның қызметі туралы баяндалды және «KMG Drilling & Services» ЖШС үшін арнап жасалған, өзін өзі көтеретін, Қазақстандағы алғашқы бұрғылау қондырғысы таныстырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев зауыт жұмысшыларымен әңгімелескен кезінде кәсіпорынның шығаратын өнімдері өңірді және бүкіл мұнай-газ кешенін дамыту үшін маңызды екеніне тоқталды, сондай-ақ олардың жұмыстарына жаңа жетістіктер тіледі.

Зауыт мұнай-газ өнеркәсібіне арналған жабдықтарды, өнеркәсіптік қондырғыларды құрастыру және салумен, кеме жасаумен, сондай-ақ жөндеу және техникалық қызмет көрсетумен айналысады.  Кәсіпорында барлығы 548 адам жұмыс істейді. 

Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары