National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Өскемен қаласындағы Оқушылардың шығармашылық сарайында болды

2013 жылғы 25 маусым

Қазақстан Президенті балалардың функционалды сауаттылығы мен шығармашылық қабілетін дамытумен қатар, қосымша білім беруге бағытталған Шығармашылық сарайдың жұмысымен танысты.

Оқушылардың шығармашылық сарайын аралау кезінде Мемлекет басшысына балалардың математикалық модельдеу, экономика, экология, физика және өзге де саладағы ғылыми жобалары да таныстырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев оқушыларға зор денсаулық және оқуда толағай табыс тіледі, сондай-ақ Шығармашылық сарайға жайлы жабдықталған автобус сыйлады.

Жалпы, Шығармашылық сарайда көркем-эстетика, сәндік-қолданбалы, техникалық және экологиялық-биологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, дене шынықтыру-спорттық салалармен қатар, бірнеше бағыт бойынша  2500-ден астам бала білім алады, сондай-ақ олар қазақстандық патриотизм рухында тәрбиеленеді.         


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің