Жаңалықтар

14 маусым 2018
Қазақстан Президенті футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысты
Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеу қаласындағы «Лужники» стадионында футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысты. 

Ашылу рәсімі аяқталған соң Ресей және Сауд Арабиясы құрама командалары арасында чемпионаттың ақтық кезеңінің бірінші ойыны болды.

2018 жылғы әлем чемпионатының ақтық кезеңі 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Турнирге 32 ұлттық құрама команда қатысады. Командалар арасындағы ойындар Ресей Федерациясының 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді.  


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар