National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

2014 жылғы 29 сәуір

 

Шағын құрамдағы отырыс Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин және Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың қатысуымен өтті.

Келіссөздер барысында Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық кеңістік аясындағы өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды. Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасын дайындау жұмысының қорытындысын шығарды. Бұдан бөлек, үш елдің көшбасшылары еуразиялық экономикалық интеграцияға қатысушылардың құрамын кеңейту мәселелерін қарастырды.

Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың жобасын жасау кезінде пысықтауды қажет ететін бірқатар жайттарға назар аударды, сондай-ақ одақты қалыптастыруға қатысушы мемлекеттердің барлық құқықтық нормалары мен мүдделерін барынша сақтау қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы болашақ одақты құруға қатысты барлық мәселелер мен келіспеушіліктер өз шешімін табатынына сенімін білдірді.

– Мейлінше күрделі жайттар үшін өтпелі кезең қажет болады. Барлық мәселелерді біз Кеден одағын құру және Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру кезінде талқылағанымызды еске салғым келеді. Бүгін біз әр тармақты сеніммен талқылап, не істегеніміз жөн екенін шешетін боламыз деп ойлаймын. Біз әрдайым консенсусқа қол жеткізіп келдік және алда да солай болады деп сенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Президентінің Еуразиялық экономикалық одақ құрудағы айрықша рөлін атап көрсетті.

– Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа зор алғысым мен ризашылығымды білдіремін, өйткені ол осы бірлестіктің бірден-бір авторы демегеннің өзінде, оның авторларының, негізін қалаушыларының бірі, рухтандырушысы болды. Әуелден бұл оның идеясы еді, мұны мен есімде жақсы сақтадым. Кеше ММУ-де оның соншалық тиянақты, тәжірибеге негізделген баяндама жасауы, онда дамудың, біздің практикалық жұмысымыздың теориялық базасының перспективалары көрініс табуы, соның барлығы Қазақстанның бұған барынша байыппен қарайтынын көрсетеді. Шынында да, біз құрған Кеден одағы жұмыс істеп, нақты пайда әкелуде, біз мұны елдеріміз экономикасының нәтижелерінен көріп отырмыз. Бірақ біз өзара ықпалдастығымызды тереңдету бағытында тағы бір қадам жасап, ынтымақтастығымызды одан да жоғары деңгейге шығара аламыз, – деді Ресей Президенті.

Өз кезегінде Беларусь Президенті Еуразиялық экономикалық кеңістік (ЕЭК) аясындағы проблемаларды еске салды. Атап айтқанда, Александр Лукашенко көлік және ЕЭК ішінде тауарлар ауыстыру мәселелерін қозғады.

– Біздің одақтың басқа елдер үшін тартымдылығы оның қаншалықты тиімді болатынына байланысты. Бірақ Одақтың өзі де оның аясының кеңеюі есебінен үлкен құндылыққа ие болуға тиіс, – деді Беларусь Президенті.  


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің