National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Нұрсұлтан Назарбаевқа оның Қазақстан Президенті болып сайлануына байланысты БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – ЭСКАТО-ның атқарушы директоры Шамшад Ахтар жолдаған құттықтау жеделхаты

2015 жылғы 04 мамыр

 

Ш.Ахтар Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

«Біздің комиссия мен Қазақстан арасында өзара іс-қимылдың ұзақ әрі жемісті тәжірибесі бар. Мен Сізге осы жылдар ішіндегі тығыз ынтымақтастық үшін алғыс айтқым келеді. Қазақстанның энергетика және қоршаған орта сияқты негізгі салалардағы көшбасшылығы болашақта да жалғаса беретіндігіне сенімдімін. Комиссия Сіздің елдің осы бағыттағы күш-жігерін қолдауға дайын», – делінген жеделхатта. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің