Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

13 ақпан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қайғылы қазаға ұшырауына байланысты Алтынбек Сәрсенбаевтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

А.Сәрсенбаев  әр жылдарда еліміздің Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі, Қазақстан Республикасы  Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы,  Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елші болып  жауапты мемлекеттік қызметтер атқарған болатын.          

    Елбасы   болған оқиғаның мән-жайын мұқият тексеру үшін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне тапсырмалар беріп, министр Б.Мұхамеджановқа тексеру жұмыстарының барысын тікелей өз бақылауында ұстауды жүктеді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар