Жаңалықтар

22 ақпан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нартай Дүтбаевты қабылдап, оның қызметінен босату жөніндегі өтінішін қанағаттандырды.

- Мені Елбасы қабылдап, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босату жөніндегі өтінішімді қанағаттандырды. Өздеріңізге белгілі болғанындай, Сәрсенбаев пен басқа да азаматтардың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу барысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Арыстан» арнайы бөлімшесінің бір топ қызметкерлері өздерінің қызметтік борышынан аттап, халықтың мүддесін сатып, қылмысты сыбайластыққа барғаны және осы қанқұйлы кісі өлтіруге қатысқаны белгілі болды. Осы оқиғаға байланысты менің Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқаруға моральдық құқығым жоқ деп есептеймін. Қызметтен босату жөнінде шешім қабылданды. Бірақта мен қанішерлер заңға сәйкес қатаң жазаланады деп есептеймін, ал тұтастай алғанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері әрқашанда Қазақстан халқына, біздің тәуелсіз елімізге шын берілгенін және өзіне тапсырылған міндетті лайықты және абыроймен орындап келе жатқанын айтуға тиіспін.  
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерінің негізгі бөлігі, көпшілігі осы идеялармен еңбек етуде және халыққа қызмет етуде. Ал, өзім туралы айтар болсам, төрт жылдан астам уақыт Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған кезімде өзіме тапсырылған істі адал атқаруға тырыстым. Бұндай келеңсіз жағдай ұлттық қауіпсіздік комитетінде белең алған деп айтуға болмайды. Мүмкін, мен кезінде аңғара алмай қалған шығармын, сондықтан да қайталап айтамын, бұл ведомствоны басқаруға моральдық құқығым жоқ деп есептеймін, - деді Нартай Нұртайұлы Дүтбаев журналистерге араналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар