Жаңалықтар

18 маусым 2019
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымов Қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін жоғары өкілдердің оныншы халықаралық кездесуіне қатысты
Ресей Федерациясы, Уфа қаласы

Форум барысында 70-тен астам мемлекеттің өкілдері терроризмге қарсы іс-қимыл, ақпараттық қауіпсіздік және төтенше гуманитарлық жауап қайтару жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушевтің шақыруымен кездесуге келген Қ.Қасымов «Гибридті қауіп-қатерлердің көбеюі жағдайында мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету» атты баяндама жасады.

Шара барысында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Беларусь Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Станислав Засьпен, Ауғанстан Ислам Республикасы Президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдулла Мохибпен және Израиль Ұлттық қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Эйтан Бен Давидпен екіжақты кездесулер өткізді. 

Тараптар өңірлік және әлемдік қауіпсіздіктің негізгі мәселелері жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ осы бағыттар бойынша ынтымақтастықты талқылады. 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар