National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Анна Бьердемен онлайн жүйесінде сөйлесті

2021 жылғы 14 мамыр

Қазақстан Президенті елімізге жұмыс сапарымен келген Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Анна Бьердемен видео конференция арқылы кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Анна Бьерде Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын және алдағы уақыттағы кооперацияның басымдықтарын талқылады.

Мемлекет басшысы  Нұр-Сұлтан қаласына келген Анна Бьердеге ілтипат білдіріп, бұл оның Қазақстан мен Орталық Азияға жасаған алғашқы сапары екенін атап өтті.

– Біз Дүниежүзілік банкпен арадағы көпжылдық серіктестікті жоғары бағалаймыз. Осы уақыт аралығында банк елімізге 6 миллиард доллардан астам инвестиция құйды. Қазіргі таңда сіздермен бірлесіп, әртүрлі 12 жобаны, атап айтқанда, көлік, білім беру, экология және қаржы салаларындағы бастамаларды жүзеге асырып жатырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.   

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы бірқатар экологиялық мәселені шешуге үлес қосқанын, соның ішінде, «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу» жобасының екінші кезеңіне 1,5 миллион доллар көлемінде қаржылай қолдау көрсеткенін айтты.

Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық проблемалардың шешілуіне баса мән беретінін, «жасыл экономика» мәселелеріне және аталған саладағы ықпалдастықты жеке бақылауына алуға дайын екенін жеткізді.

Анна Бьерде Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік жасағаны және Дүниежүзілік банкпен арадағы ынтымақтастықты жоғары бағалағаны үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар ол елімізде Қазақстан Президентінің басшылығымен жүзеге асырылып жатқан реформаларды қолдайтынын айтты. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 26 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

2024 жылғы 06 мамыр

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Жарлық

2024 жылғы 06 мамыр

Ж.Х. Мәдиевті тағайындау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің