Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

27 қыркүйек 2018
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің басшылық құрамымен кездесті
Астана қаласы

Кездесу барысында Мемлекет басшысы барлау қызметінің ұжымына жаңа директор Исатай Бақтиярұлы Сартаевты және директордың бірінші орынбасары Нұрлан Оразұлы Оразовты таныстырды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес И.Б.Сартаев ант қабылдады.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті жаңа басшылыққа сыртқы барлау қызметі жұмысының негізгі басымдықтары туралы айтып, бірқатар нақты тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар