Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

31 қаңтар 2018
Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастық пен өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Сириядағы қазіргі ахуалды талқылады.

Екі ел көшбасшылары Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің кезекті саммиті жөнінде пікір алмасты.

Р.Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңестің кезекті отырысына қатысу үшін Анкараға шақырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары